Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Роналду бастаған Португалия құрамасы Өзбекстанды ірі есеппен жеңді
    Жаңалықтар

    Роналду бастаған Португалия құрамасы Өзбекстанды ірі есеппен жеңді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова24.06.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Paul ELLIS / AFP via Getty Images


    Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында Өзбекстан командасын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    K тобының екінші турындағы кездесу АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «NRG Stadium» стадионында өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.

    Бірінші таймда Португалия құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Криштиану Роналду дубль авторы атанды. Ол 6 және 39-минуттарда қарсылас қақпасын дәл көздеді. Бұл голдарға Жоау Канселу мен Бруну Фернандеш пас берді.

    Тағы бір голды 17-минутта қорғаушы Нуну Мендеш айып добынан тікелей соққымен соқты.

    Үзілістен кейін Өзбекстан қақпашысы Абдувохид Нематов 60-минутта автогол тіркеді. Ал матчтағы соңғы голды 87-минутта шабуылшы Рафаэль Леау соғып, қорытынды есепті 5:0 етті.

    Осы дубльдің арқасында Роналду әлем чемпионаттары тарихындағы Португалия құрамасының ең үздік сұрмергені атанды. Ол бұған дейін 9 гол соққан Эйсебионың рекордын жаңартты.

    Previous Article«Қайраттың» футболшысы Дастан Сәтпаевқа қатысты қуанышты хабар тарады
    Next Article Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында Олимпиада чемпиондарын жеңіп, алтын медаль иеленді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.