Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жастар»Қызылордада мектеп оқушысы қаза тапты: Күдікті анықталған
    Жастар

    Қызылордада мектеп оқушысы қаза тапты: Күдікті анықталған

    SalemnewsSalemnews13.02.2024351 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласында 9-сынып оқушысы көз жұмды. Бұл оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz.

    Қайғылы жағдай қалаға іргелес Белкөл кентіндегі көпқабатты үйдің алдында 12 ақпанда түс ауа болған. №189 мектепте білім алған 9-сынып оқушысының өліміне 10-сынып оқушысы күдікті ретінде танылып отыр.

    «Балалар жеті сабақ аяқталған соң сағат 14.00-де мектептен шығып, үй-үйлеріне тараған. Қайғылы жағдай кенттегі көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінің алдында болған. Бейнекамераға түспеген. Оқиға орнында 4 бала болған, қасындағы 3 бала медициналық ұйымға көтеріп жеткізген. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету барысында бала үзіліп кеткен. «Пышақтап кетті» деген ақпарат жалған. Әкесі мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаты болмағанын жеткізді. Ал күдікті жалғызбасты ананың баласы екені анықталды», — деді басқарма басшысы.

    Ал балалар оқитын мектептегі директор мен орынбасары жұмыстан шығарылған.

    «Тәрбие бағытындағы тапсырманы өз деңгейінде орындамағаны, атқарылған ауқымды жұмыстан нәтиже шығармағаны үшін мектеп директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын орнынан босаттық. Өйткені ұстаздарға әр баламен жеке жұмыс істеу міндеті жүктелген. Бұл жағдай қатаң бақылауда, тиісті шаралар қабылданады», — деді Асқарбек Есжанов.

    Previous Article«Тыңда» жобасы: қызылордалықтардың талғамы қандай?
    Next Article Алию Назарбаеву обвинили в рейдерстве и захвате активов на $170 млн
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Тұңғыш рет: «БалуанTAS» командасы Жайдарманда өнер көрсетті

    08.07.2026

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.2026

    «Сұраныс тым жоғары»: «Қайрат» – «Реал» ойынына билетке сұраныс рекорд жаңартты

    18.09.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.