Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылордада абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
    Жаңалықтар

    Қызылордада абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

    SalemnewsSalemnews29.07.202623 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, қалалық ортаны жақсарту және заманауи инфрақұрылым қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары шаһарда аулаларды абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді дамыту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жетілдіру бойынша ауқымды жобалар қолға алынды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы баспасөз конференциясында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов баяндады.

    Қаланың жайлылығы ең алдымен тұрғындардың күнделікті өмір сүретін ортасынан басталады. Осыған байланысты биыл көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Жоба аясында балалар ойын алаңдары, шағын футбол алаңдары және воркаут аймақтары салынуда.

    Қазіргі таңда қала бойынша 26 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында құрылыс жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны 1,9 млрд. теңгені құрайды. Бұл жұмыстар тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, аулаларды қауіпсіз әрі жайлы қоғамдық кеңістікке айналдыруды көздейді.

    Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

    Қала аумағын абаттандыру бағытындағы жұмыстар аулалармен ғана шектелмейді. Тұрғындарға қолайлы демалыс орындарын қалыптастыру мақсатында қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуға да басымдық беріліп отыр.

    Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстары. Биыл абаттандыру саласына аймақ басшысының қолдауымен 11 млрд. 648 млн. теңге бөлініп, бірқатар маңызды жобалар іске асырылды.

    Аталған қаржының басым бөлігі Президент саябағын қайта жаңғыртуға бағытталды. Жоба аясында саябақ аумағына мыңдаған ағаш көшеттері, сәндік бұталар мен көпжылдық гүлдер отырғызылды. Сонымен қатар заманауи спринклерлік және тамшылатып суару жүйелері орнатылып, жасыл желекті күтіп-баптаудың тиімді жүйесі қалыптастырылды.

    Жаңғырту жұмыстары барысында тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына да ерекше назар аударылды. Саябақ аумағында автожол және автотұрақ құрылыстары жүргізілді. Нәтижесінде қала тұрғындары үшін демалуға, серуендеуге және уақытты тиімді өткізуге арналған заманауи қоғамдық кеңістік қалыптасты.

    Бүгінде Президент саябағы жаңартылған келбетімен тұрғындарға пайдалануға берілді. Бұл нысан Қызылорданың сәулеттік келбетін айқындайтын маңызды орындардың біріне айналып, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының қатарын толықтырды.

    Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

    Қаладағы тағы бір ауқымды жоба – Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары. Бұл мақсатқа 2,9 млрд. теңге бөлінді. Жоба аясында бөгет бойымен екі жолақты жаяу жүргіншілер және велосипед жолы салынуда.

    Аталған бастама бір жағынан қаланы су тасқынынан қорғауға бағытталса, екінші жағынан тұрғындар үшін жаңа серуендеу және демалыс аймағын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Жағалау аумағын дамытудың жалғасы ретінде Астана мөлтек ауданы мен Президент саябағын байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы жоспарланған. Жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын бастауға дайын.

    Бұл көпір қаланың екі маңызды аумағын байланыстырып қана қоймай, тұрғындар үшін жаңа жаяу бағыт қалыптастырып, қалалық ортаның тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

    Сонымен қатар Қызылорда қаласында санитарлық тазалық жұмыстарына да ерекше назар аударылуда. Қала аумағының кеңеюіне байланысты бұл бағыттағы жұмыстардың көлемі айтарлықтай артқан.

    Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

    Егер осыдан он жыл бұрын «Қызылорда тазалығы» мекемесі шамамен 240 көшеге қызмет көрсетсе, бүгінде қала аумағында күн сайын 826 көшеде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.

    Қала тазалығын қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту мақсатында олардың жалақысы көтеріліп, әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуде.

    Қызылордада жүзеге асырылып жатқан абаттандыру, көгалдандыру және инфрақұрылымдық жобалар қаланың жаңа келбетін қалыптастыруға бағытталған. Жаңарған аулалар, жаңғырған Президент саябағы, абаттандырылып жатқан жағалау аумағы және жүйелі жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстары тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта құруға мүмкіндік беруде.

    Қаладағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, Қызылорданың заманауи әрі қолайлы шаһар ретінде дамуына жаңа серпін бермек.

    инфрақұрылым Көгалдандыру Қызылорда тазалық
    Previous ArticleПрезидент семсерлесуден Қазақстан құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
    Next Article «Ақ жол» партиясының кандидаттары дәрігерлерге сайлауалды бағдарламасын таныстырды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Казахстанцы смогут получать больше медицинских услуг онлайн

    04.08.2026

    В Кыргызстане запретили кремацию тел

    04.08.2026

    Қазақстанда пәтерді сату салығы: мұраға немесе сыйға берілген баспанаға салық қашан төленеді?

    03.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.