Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Президент «Томирис» қыздар құрамасын құттықтады
    Жаңалықтар

    Президент «Томирис» қыздар құрамасын құттықтады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова16.02.202672 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: Ақорда


    Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде ерлермен иық тіресіп өнер көрсеткен «Томирис» қыздар құрамасының жетістігіне айрықша тоқталды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    – Сұлу қыздарымыз өте жоғары деңгейде өнер көрсетті, шеберлікпен алға шығып, әйелдер арасында топ жарды. Қазақстанның намысын қорғаған бес құраманың бәрі де үздік 20 команданың тізіміне кірді. Бұл нағыз жасампаз отаншылдық деп күмәнсіз айтуға болады. Төрткүл дүние ұл-қыздарымыздың мықтылығына куә болды. Сондықтан тағы да атап өткім келеді, сіздер көрсеткен мықты тактикалық дайындық, айрықша күш-жігер мен тамаша топтық жұмыстың арқасында әлем жұртшылығы қазақтың батыл, қайсар және өр рухты ұлт екеніне көз жеткізді. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Барлық бапкер мен жаттықтырушыға және әскери басшыларға, басқа да мамандарға зор алғыс айтамын, – деді Президент.

    Мемлекет басшысы арнайы жасақ қызметкерлері мен әскерилер әрдайым тәртіп пен мінсіз кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, мемлекет мүддесін қорғау үшін батыл әрекетке дайын болуы қажет екенін айтты.

    – Қазіргі күрделі әрі тұрақсыз геосаяси ахуал ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тың тәсілдерін әзірлеуді талап етеді. Сондықтан мемлекет әскери-күштік құрылымдарды кешенді түрде жаңғыртуға, технологиялық тұрғыдан жан-жақты жарақтандыруға баса мән береді. Сіздердің жарыстағы табыстарыңыз – еліміздің күштік құрылымдарын жүйелі дамытудың, әскер қатарындағы жоғары моральдық рух пен физикалық даярлықтың нәтижесі. Сіздер Отанға қалтқысыз қызмет етіп, антқа адал болсаңыздар, Қазақстанның қорғаныс қабілеті нығая түсетініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Previous ArticleҚызылорда тұрғыны 6 млн теңгеге алданды
    Next Article Оқушыларға телефон ұстауға толық тыйым салынуы мүмкін
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.