Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт үшінші қабаттағы пәтерден басталған, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар сатымен шығып, 42 адамды эвакуациялады, олардың ішінде 5 бала бар. Сондай-ақ 1951 жылы туған ер адамды түтін басқан бөлмеден шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Ол ауруханаға жатқызылды.
«Өрттің шығу себебі – қуаттағыш құрылғының қысқа тұйықталуы», – делінген хабарламада.
