Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Петропавл мектептерінің бірінде оқушы терезеден құлап кетті
    Жаңалықтар

    Петропавл мектептерінің бірінде оқушы терезеден құлап кетті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова18.02.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: istockphoto.com


    Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде төтенше жағдай болды. Оқушы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Оқу орнының мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

    «17 ақпанда оқушы үшінші қабаттан құлап, жарақат алды. Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде жатыр», – деді мектептің баспасөз қызметі.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен оқушының түрлі жарақаттармен көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

    «Ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр, бірақ есін біледі. Қосымша ақпаратты кейінірек хабарлаймыз», – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

    Оқушы 18 жаста.

    Previous ArticleҰлттық банк телефон арқылы жасалатын жаңа алаяқтық схема туралы ескертті
    Next Article Жамбыл облысында каннабис өнімдерін таратқан 4 тұрғын ұсталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.