Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Павлодарлық колледж студенті Google компаниясынан арнайы шақырту алды
    Жаңалықтар

    Павлодарлық колледж студенті Google компаниясынан арнайы шақырту алды

    Даниил — әлем бойынша техникалық құзыреттілікті растаудың қатаң талаптарынан сүрінбей өткен санаулы студенттердің бірі.
    SalemnewsSalemnews29.05.202541 Min Read
    Фото: Оқу-ағарту министрлігі
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Павлодар қаласындағы IT-колледждің студенті Даниил Барт Google компаниясынан Берлин қаласында өтетін халықаралық Google I/O — 2025 конференциясына қатысу үшін арнайы шақырту алды. Бұл шара Еуропа, Азия, Таяу Шығыс пен Африканың үздік мамандарын біріктіреді, деп жазады Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Даниил — әлем бойынша техникалық құзыреттілікті растаудың қатаң талаптарынан сүрінбей өткен санаулы студенттердің бірі.

    «Конференция және одан кейінгі тағылымдама жасанды интеллект, Android, бұлтты платформалар мен веб-технологиялар саласындағы озық білімге жол ашады. Мен осындай деңгейдегі шараға елімнің атынан қатысатыныма қуанамын», — дейді Даниил Барт.

    Студенттің бұл халықаралық компаниямен серіктестігі 2023 жылы колледждің 1-курсында басталды. Ол Қазақстанда Google ұйымдастырған техникалық іс-шаралар мен байқауларды өткізетін команда құрамына кірді.

    Қазір Даниил Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің 3-курсында оқиды. Бағдарламалауға қызығушылығы мектепте пайда болып, колледжде түрлі байқаулар мен хакатондарға белсенді қатыса бастады. 2023 жылы WorldSkills Kazakhstan байқауында «алтын» жеңіп алды, 2024 жылы ол Иранда өткен халықаралық турнирде үздік ондыққа енді. «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының лауреаты және Google қауымдастығы аясында бірқатар жобалардың авторы.

    Google студент
    Previous Article«Аман алып қала алмаған»: Ақтөбеге шұғыл қонған ұшақ ішінде 42 жастағы әйел көз жұмды
    Next Article 29 мамыр – БҰҰ-ның Халықаралық бітімгерлер күні
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.