Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Павлодарда алаяқтар торттың ішіне жарылғыш зат салып, зейнеткерлерге берген
    Жаңалықтар

    Павлодарда алаяқтар торттың ішіне жарылғыш зат салып, зейнеткерлерге берген

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова15.07.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: видеодан скриншот


    Павлодарда телефон алаяқтарының нұсқауын орындаған егде жастағы ерлі-зайыпты банк бөлімшесіне петарда салынған торт әкеліп, оны клиенттерге қызмет көрсету залында жарған​​​​​​​, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Оқиға банк ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан ерлі-зайыптының үстел жанында тұрғанын, ал олардың алдында пакетке салынған торт болғанын көруге болады.

    Бір сәтте торттың ішіндегі пиротехникалық бұйым жарылып, өрт шыққан. Жарылыстан кейін зейнеткер әйел бетін жауып, орындыққа құлаған. Ұшқын қасындағы ер адамға да тиген.

    Оқиға салдарынан үстел зақымдалып, ерлі-зайыпты жеңіл жарақат алған.

    Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 15 шілде күні шамамен сағат 16:00-де банк бөлімшелерінің бірінде пиротехникалық бұйым жарылғаны туралы хабар түскен.

    Тексеру барысында зейнеткерлердің телефон алаяқтарының құрбаны болғаны анықталды.

    Бұған дейін ерлі-зайыпты жалған инвестициялық жобаға ақша салып, қаражатынан айырылған. Бұл іске байланысты қылмыстық іс қозғалып, дроппер ретінде әрекет еткен адамдар анықталып, жауапқа тартылған. Жәбірленушілердің ақшасын қайтару үшін сот арқылы шаралар қабылданып жатқан.

    Алайда алаяқтар зейнеткерлермен қайта байланысқа шығып, бұрын жоғалтқан ақшаларын қайтарып береміз деп уәде берген. Полицияның хабарлауынша, олар егде жастағы адамдарға психологиялық қысым көрсетіп, торт пен петарда сатып алуға көндірген.

    Кейін алаяқтардың нұсқауы бойынша ерлі-зайыпты петарданы торттың ішіне салып, банк бөлімшесіне әкеліп тұтатқан.

    Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

    Зейнеткерлердің алаяқтарға нақты қанша ақша бергені әзірге жарияланған жоқ.

    Previous ArticleХайп қуамын деп дипломын жыртқан түлек қамауға алынды
    Next Article «Семей орманындағы» өрт: Үкімет басшысы министрлерді Абай облысына жіберді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.