Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Павлодарда қызды бес жыл бойы мазалаған бұрынғы жігіті қамауға алынды
    Жаңалықтар

    Павлодарда қызды бес жыл бойы мазалаған бұрынғы жігіті қамауға алынды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.02.202631 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: istockphoto


    Павлодар облысыныда «Stop сталкинг» республикалық акциясы аясында екі ер адамға қатысты қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, біреуі Ертіс ауданында тұрады. Ол бұрынғы жұбайына әлеуметтік желілер арқылы қайта-қайта хабарламалар жазып, мазасын алған. Қазіргі кезде ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

    «Екінші жағдай облыс орталығында тіркелді. Павлодар қаласының тұрғыны полицияға көмек сұрап жүгінді. Оның айтуынша, бұрынғы жігіті соңғы бес жыл бойы мазасын алып келеді. Ол әлеуметтік желілер арқылы үнемі қорлайтын мазмұндағы хабарламалар жолдап, қорқыту әрекеттерін жасаған. Аталған құқық бұзушы Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», — дейді полицейлер.

    Осы орайда тәртіп сақшылары адамның еркінен тыс байланыс орнатуға және (немесе) аңдуға бағытталған заңсыз қудалау әрекеттері, яғни сталкинг үшін қылмыстық жаза бар екенін ескертті.

    Адамдар ондай фактілерді жасырмай, полицияға дер кезінде жүгінуі керек.

    Previous ArticleРизабек Айтмұқан Бішкекте өткен турнирде чемпион атанды
    Next Article Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.