Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Оралда қайғылы жағдай болды
    Жаңалықтар

    Оралда қайғылы жағдай болды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова16.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto


    Орал қаласында жол апатынан әйел адам қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды salemnews.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

    БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Зачаган кентінде екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

    Алдын ала мәлімет бойынша Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісі Зачаган кентінде Жәңгір хан көшесімен келе жатып, «Жәңгір хан» сауда үйі тұсында солға қарай бұрылу кезінде Lada көлігіне жол бермеген. Салдарынан автокөліктер соқтығысып, Chevrolet Aveo автокөлігінде отырған әйел жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмған. Аталған автокөліктің тағы екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

    Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде, — деп хабарлады ведомстводан. 

    Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған мәліметке қарағанда, оқиға 13 тамыз күні шамамен сағат 23.50-де болған. Жол апаты салдарынан жүкті келіншек қайтыс болған. 

    Қазіргі кезде оқиға куәгерлері, сондай-ақ фотоға түсірген немесе бейнежазбаға жазып алған адамдар іздестіріліп жатыр. 

    Previous ArticleТаразда үшқабатты ойын клубы өртенді
    Next Article Қостанай облысында әкесі мен қызы суға батып кетті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.