Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Назым Қызайбай мен Виктория Графеева әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесін жеңіп алды
    Жаңалықтар

    Назым Қызайбай мен Виктория Графеева әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесін жеңіп алды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова21.06.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ҰОК


    Қытайдың Гуйян қаласында бокстан әлем кубогының екінші кезеңінің шешуші жарыс күні басталды.

    Қазақстан құрамасы халықаралық турнирдегі алғашқы алтын медальдарын жеңіп алды.

    54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Назым Қызайбай финалда Италия өкілі Сирин Чараабиден басым түсті. Ал Виктория Графеева (60 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте Олимпиада чемпионы Юй-Тин Лиді (Тайбэй) жеңді.

    Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын және үш қола медаль бар.

    Бұған дейін Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдегер атанған болатын.

    Айта кетейік, бүгін, 21 маусымда финалда Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) да шаршы алаңға шығады.

    Previous ArticleВиктор Друзин әлем кубогының суперфиналында қола медаль жеңіп алды
    Next Article Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.