Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Мен тірі тұрғанда «Республика сарайына» жолатпаймын»: Гауһар Әлімбекова сахнадан көрінбей кетуінің себебін айтты
    Жаңалықтар

    «Мен тірі тұрғанда «Республика сарайына» жолатпаймын»: Гауһар Әлімбекова сахнадан көрінбей кетуінің себебін айтты

    SalemnewsSalemnews27.03.2024101 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Танымал әнші әрі композитор Гауһар Әлімбекова «ХабарLike» бағдарламасына берген сұхбатында неліктен біршама уақыттан бері ән кешін өткізбегенін айтты, деп жазды Salеmnews.kz ақпарат агенттігі.

    Айтуынша, 10 жыл бойы «Республика сарайында» ән кешін өткізе алмай жүрген.

    «Негізі мен бұрыннан бір шығып, қайта жоқ болып кететін әншінің қатарынанмын ғой. Жылына бір рет есеп беріп, ән кеш өткізсем, жеңілдеп, өзім рахаттанып қаламын. Бірақ, соңғы 10 жылдың ішінде «Республика сарайында» ән кешін өткізбедім. Бұл маған байланысты дүние болған жоқ. Егер әнімнің тыңдаушысы ретінде мені жақсы білетін болсаңыздар, менің де басымнан біраз жағдай өтті. Осыдан 10 жыл бұрын маған бір кісі «мен тірі тұрғанда сені «Республика сарайынының» маңына жолатпаймын»

    деп айтқан болатын.

    Сонымен қатар әнші көрген қиындыққа қарамастан мойымағанын тілге тиек етті.

    «Сөйтіп, ол кісі сөзінде тұрды. Маған ән кешін бергізбеді. Концерт ұйымдастыруға кедергі болғанымен қоймай, маған басқа да мәселе тауып берді. Сөйтіп жүргенде өзімнің әнші, сазгер екенімді ұмытып та кеткен уақыттар болды. Бірақ, сонда да басыма қанша күн туса да серігім, жаным гитарамды ешқашан жанымнан тастаған емеспін. Жылап жүрсем де, ән шығарып жүрдім»

    деді әнші.
    Previous Article«8 жыл бұрын айтқанымды тыңдағанда, дәл бүгінгідей әлемге масқара болмайтын едік»: Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының жеңілісі туралы
    Next Article Ақтауда теракт жасамақ болған күдікті ұсталды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.