Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Маңғыстаудың сүт өнімдері Біріккен Араб Әмірлігінде таныстырылды
    Жаңалықтар

    Маңғыстаудың сүт өнімдері Біріккен Араб Әмірлігінде таныстырылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова29.01.202651 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазақстан атынан Жаңаөзен қалалық сүт зауыты Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлемдегі ең ірі халықаралық азық-түлік көрмелерінің бірі — Gulfood көрмесінде өз өнімдерін халықаралық нарыққа ұсынуда, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған көрмеге 50-ден астам мемлекеттен азық-түлік өндірушілері, дистрибьюторлар мен ірі сауда компаниялары қатысуда.

    Gulfood — азық-түлік және сусын индустриясындағы ең беделді алаңдардың бірі. Көрме аясында Жаңаөзен қалалық сүт зауыты экологиялық таза сүт өнімдерін, соның ішінде өңірде өндірілетін ұлттық өнімдерді таныстырып, шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнатуда. Көрменің басты мақсаты — отандық өнімдерді халықаралық нарыққа шығару және экспорттық әлеуетті арттыру.

    Айта кетейік, жуырда Жаңаөзен қаласында сублимацияланған құрғақ түйе сүтін өндіретін цех өз жұмысын бастады. Жаңа өндіріс орны жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіруге бағытталған. Алдағы уақытта зауыт өнімдерін экспортқа шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Қытай мен Біріккен Араб Әмірлігінің нарықтарына өнім жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

    Цехтың негізгі мақсаты — жыл бойы шұбат өнімін үздіксіз өндіру. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын қолдау және сүт қабылдау көлемін ұлғайту көзделіп отыр. Бұған дейін зауыт 30-ға жуық шаруа қожалығынан жылына 68 мың литр сүт қабылдаса, алдағы уақытта бұл көрсеткішті екі есеге арттыру жоспарланған.

    Previous Article«Құндыздың қол-аяғын байлап қойған»: Жаға ұстатарлық оқиғаға қатысты жаңа ақпар шықты
    Next Article Кешкі уақытта еңбек ету жүрек ауруларының қаупін арттырады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.