Маңғыстау аудандық сотында азамат Ә-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.
2026 жылғы 12 сәуірде азамат Ә. Маңғыстау ауданына қарасты Айрақты тау демалыс орны маңында, автокөлікпен дрифт жасап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, оның әрекеті қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, яғни ұсақ бұзақылық жасаған.
Сот жаза тағайындау кезінде жауаптылықты жеңілдететін мән жай ретінде кінәсін мойындауын, өкінуін ескерді.
Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот қаулысымен азамат Ә. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
