Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Мұхтар Шахановтың аманаты: Ақынның жары президентке хат жолдады
    Жаңалықтар

    Мұхтар Шахановтың аманаты: Ақынның жары президентке хат жолдады

    SalemnewsSalemnews20.04.2026331 Min Read
    Коллаж: salemnews.kz
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдап, ақынның соңғы тілегін орындауға қолдау көрсетуді сұрады. Хат 15 сәуірде «Е-Өтініш» жүйесінде тіркеліп, «ҚР Президент әкімшілігіне» жолданған.

    Хатта Мұхтар Шахановтың қазіргі таңда ауыр дертке шалдыққаны және жағдайының күрделі екені айтылған. Автордың мәлімдеуінше, ақынның ең соңғы әрі маңызды аманаты – өзі дүниеден өткен жағдайда Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлену.

    «Мұхтар Шаханов – тек ақын ғана емес, ұлттық руханияттың көрнекті өкілі, ел тәуелсіздігі мен ана тілінің мәртебесі жолында қызмет еткен тұлға», – делінген хатта.

    Сонымен қатар, Арыстанбаб кесенесі республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш саналатындықтан, мұндай жерлеу рәсімін өткізу үшін арнайы рұқсат қажет екені атап өтіледі. Осыған байланысты Ханшайым Шаханова Президенттен тиісті мемлекеттік органдарға, атап айтқанда, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркістан облысының әкімдігіне тапсырма беруді сұраған.

    Қазіргі уақытта аталған өтінішке қатысты ресми жауап жарияланған жоқ.

    Previous ArticleҚазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
    Next Article Павлодар облысындағы зауытта жұмысшы қаза тапты
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.