Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Мәсімовтің зәулім сарайының тағдыры шешілді
    Жаңалықтар

    Мәсімовтің зәулім сарайының тағдыры шешілді

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин29.04.202531 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Даланьюс

    Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім сарайының тағдыры шешілді, — деп хабарлайды salemnews.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі әлеуметтік қажеттілікке байланысты аукционнан алынып тасталды. Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы мәлімдеді

    Үй қаланың әлеуметтік қажеттілігі үшін сатылымнан алынған.

    «2025 жылғы 18 сәуірде «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімінің веб порталына Астана қаласы Нұра ауданы Қараөткел шағынауданы Ерейментау көшесі, 1-үй мекенжайында орналасқан, жертөлесі бар тұрғын үйді электрон сауда арқылы сату туралы хабарлама жариялады. Нысанның бастапқы бағасы 1 685 115 000 теңге болды. Алайда басқарушы компания атына Астана әкімдігінен бұл жылжымайтын мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттілігіне беру туралы ресми сұраныс келіп түсті. Әлеуметтік маңызын және заңнама талаптарын ескере отырып, бұл нысан электрон сауда жоспарынан алынды», — деп жазылған хабарламада.

    Нысанды әрі қарай пайдалану мәселесі жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен шешілмек.

    Айта кетейік, бұған дейін тиісті лот Е-Qazyna электрон сауда алаңының сайтында жарияланған еді. Жертөлесі бар тұрғын үй елорданың Нұра ауданында орналасқан. Жалпы ауданы 2877,7 шаршы метр болатын екі қабатты үй.

    Үйге әртүрлі аумақтағы бірнеше жер учаскесі кіреді, олардың бірінде гараж орналасқан. Үй 879 дана мүлікпен бірге сатылатыны айтылды. Олардың арасында жиһаз, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар, коллекциялық монеталар, кәдесый ретіндегі қарулар бар.

    Астана жемқорлық Мәсімов
    Previous ArticleПрезидент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады
    Next Article “4 жылда 160 адамды жұмыстан шығардым”: Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера театрының былығын әшкереледі
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім «Оқу-өндірістік комбинаттар» жобасының түлегі атанды

    18.06.2025

    Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан шығарып салды

    18.06.2025

    Қостанай облысында шенеуніктер қызметтік көліктерді жеке мақсатта пайдаланған

    17.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.