Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Каспий теңізінде жоғалып кеткен үш ер адам құтқарылды
    Жаңалықтар

    Каспий теңізінде жоғалып кеткен үш ер адам құтқарылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова16.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto


    Маңғыстау облысында үрлемелі қайықпен Каспий теңізіне шыққан үш ер адам құтқарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

    Кеше кешке «112» пультіне Жаңаөзен қаласының үш тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Ер адамдар шамамен екі сағат бұрын «Кендірлі» демалыс базасы маңында үрлемелі қайықпен теңізге шыққан.

    «Іздеу барысында құтқарушылар ер адамдардың бірін өздігінен жағалауға қарай жүзіп келе жатқан жерінен тапқан. Ол бортқа көтеріліп, жағаға жеткізілді», — деп жазылған хабарламада.

    Қалған екі ер адамды іздеу жұмыстары түнде де жалғасты. Іздеу жұмыстары қараңғы уақыт пен теңіз аумағының кең болуына байланысты қиындық тудырған. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын төрт секторға бөліп жүргізді.

    Жалпы, мамандар теңіздің 20 шақырымнан астам аумағын, ал әуеден 70 шақырымнан астам аумақты тексерген. Нәтижесінде қалған екі ер адам жағалаудан шамамен 10 шақырым қашықтықтан табылды. Үшеуінің де өміріне қауіп жоқ.

    Previous ArticleМемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
    Next Article Таразда үшқабатты ойын клубы өртенді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.