Фото: Istockphoto
Каспий теңізінде 5,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді.
Қазақстан Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, 2026 жылғы сәуірде Астана уақытымен сағат 14:05–те Әзербайжанның жағалау аймағында жер сілкінісі болған.
Жер сілкінісінің магнитудасы — 5,4, энергетикалық класы K=13, тереңдігі — 64 км.
Ресейдің сейсмологиялық қызметінің хабарлауынша, дүмпулер Әзербайжанның кейбір өңірлерінде 3–4 балл деңгейінде сезілген.
