Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Каспий» биржасы ESG рейтингін нығайтты — S&P Global CSA 2025 нұсқасы бойынша 60 балл жинады
    Жаңалықтар

    «Каспий» биржасы ESG рейтингін нығайтты — S&P Global CSA 2025 нұсқасы бойынша 60 балл жинады

    SalemnewsSalemnews30.07.202541 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Каспий» тауар биржасы» АҚ S&P Global халықаралық рейтинг агенттігінен корпоративтік тұрақтылықтың кезекті бағасын (Corporate Sustainability Assessment, CSA) алғаны туралы хабарлайды.

    2025 жылғы S&P CSA бағалау қорытындысы бойынша «Каспий» тауар биржасы» АҚ 100 балдық шкала бойынша 60 балл алып, өз көрсеткішін 19 балға жақсартты.

    Жаһандық қаржы компаниялары арасында «Каспий» тауар биржасы» АҚ 95-процентильді иеленді – S&P скорингіне қатысқан сала қатысушыларының 95%-ы бұдан төмен балл алды.

    S&P Global компаниясының жоғары ESG скорингі «Каспий» тауар биржасы» АҚ-ның бизнесті жауапты және әдепті жүргізуге, экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық орнықтылық қағидаттарын сақтауға, БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына корпоративтік үлесін кеңейтуге бейілділігін растайды.

    S&P Global компаниясының «Каспий» тауар биржасы» АҚ-ға берген CSA бағасы жария болып табылады және біздің стейкхолдерлерге S&P Global вебсайтында қолжетімді.

    Айта кетейік, «Каспий» тауар биржасы» АҚ 2011 жылғы қарашада құрылған және бүгінгі күні сауда операцияларының көлемі мен даму серпіні, оның ішінде электрондық сауда саласындағы Қазақстан Республикасының жетекші биржаларының бірі. «Каспий» тауар биржасы» АҚ әлемнің 25 мыңнан астам компаниялары мен ұйымдарын біріктіретін орнықты даму саласындағы ірі халықаралық бірлестік – БҰҰ Жаһандық шартының қатысушысы.

    Previous ArticleТүркістан облысында биоқоспа өндіретін зауыт салынады
    Next Article Өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 28,9 трлн теңгеге жетті – Үкімет
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.