Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Хуторскийміз» дегенде сескендік». Сотта Шерзаттың әкесі жауап берді
    Жаңалықтар

    «Хуторскийміз» дегенде сескендік». Сотта Шерзаттың әкесі жауап берді

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин18.04.202521 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: видеодан кадр

    Сотта Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жауап берді, — деп хабарлайды salemnews.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

    «Қорғану мақсатында қолыма пышақ алдым. Нұрбол Тоқтаубаев «хуторскийміз» дегенде сескендік. Бізді түсінбейді, төбелес тоқтамайды, бәрібір өзінікін жасап кетеді деген ой болды. Ауылда еститінбіз. Олар бірде-бір төбелесіп, осы уақытқа дейін әңгімені шешкен емес. Қаншама бала жарақат алған. Себебі ауылдағы «Хутордың» балалары көршімізді солай пышақтап атып, өлтіріп кеткен. Мен сескеніп, өзімді қорғау мақсатында қолыма май кесетін пышақты алдым», — деді ол сот отырысы барысында.

    Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?

    Еске салайық, былтыр Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат көз жұмды.

    Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ, олардың үйі өртеніп кетті.

    Көп ұзамай, яғни 9 желтоқсанда марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев ажал құшты. Полиция департаменті алдын ала деректер бойынша ол суицид жасағанын мәлімдеді. Оған дәлел ретінде полицейлер Нұрғанаттың туысына мессенджер арқылы жазған хатын жария етті. 

    Ал марқұм Шерзаттың әкесі бауыры Нұрғанат Ғайыпбаевты жер қойнына тапсырғанан кейін бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуді талап етіп, көшеге шықты. Алайда араға ұзақ уақыт салмай Қаржаубай Нұрымовты полиция қызметкерлері ұстап әкетті. Артынша Шерзат Болаттың әпкесі қамауға алынды. Кейін Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

    хутор бандасы Шерзат Болат
    Previous ArticleСемейде мұғалім сотталды
    Next Article Елордада бүлдіршін буллингке ұшыраған
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.