Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»ЕО Венгрияны дауыс беру құқығынан айыруы мүмкін
    Жаңалықтар

    ЕО Венгрияны дауыс беру құқығынан айыруы мүмкін

    27 мамырдағы тыңдау Будапешттің ЕО ішіндегі болашақ орнына елеулі әсер етуі мүмкін.
    SalemnewsSalemnews23.05.202521 Min Read
    Фото: ТАСС
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Еуропалық Одақ кеңесі 27 мамырда Венгрияның дауыс беру құқығынан айырылу мүмкіндігін талқылайтын болады. Бұл талқылау ЕО туралы шарттың 7-бабы негізінде өтеді. Аталмыш ақпарат ведомствоның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Кеңесте министрлер Венгрия бойынша сегізінші тыңдау өткізеді. ЕО туралы шарттың 7-бабы Еуроодақтың «құндылықтарын жүйелі түрде бұзған» мүше елдерге қатысты қолданылады. Бұл бұзушылықтарға құқықтың үстемдігі, демократиялық нормалар және адам құқықтары жатады. Шартта мұндай елдің кейбір құқықтарын, оның ішінде дауыс беру құқығын тоқтату қарастырылған.

    Бұл қадам Венгрияға қатысты ЕО-ның ұзақ уақыт бойы жүргізіп келе жатқан сындарымен байланысты. Будапешттің ЕО-ның ортақ саясаттарына, әсіресе Украинаға көмек және энергетика саласындағы бірлескен шараларға қатысты ұстанымы сынға алынған.

    Айта кетейік, кеше Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан Еуропалық Одақтың энергетикалық саясатын «абсурд» деп атады және оны Украинаны қолдау мақсатындағы әрекет ретінде сипаттады. Ол сонымен қатар ЕО-ны энергетикалық қауіптермен бірлесе күресуге шақырды.

    Reuters 20 мамырда Венгрия парламенті Халықаралық қылмыстық соттан (ХҚС) шығу туралы заң жобасын мақұлдағанын хабарлады. Орбан бұл сотты «саясаттандырылған» деп айыптап, оның тәуелсіздігін жоғалтқанын мәлімдеді.

    Осы факторлардың жиынтығы ЕО мен Венгрия арасындағы шиеленісті күшейтіп отыр. 27 мамырдағы тыңдау Будапешттің ЕО ішіндегі болашақ орнына елеулі әсер етуі мүмкін.

    Previous ArticleЕдинственная мясная птицефабрика в Костанае на грани закрытия: предприятие просит помощи у Президента
    Next Article Президент бірқатар елшіні тағайындады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.