Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Энергетика министрі Президентке есеп берді
    Жаңалықтар

    Энергетика министрі Президентке есеп берді

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин02.04.202531 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады, деп хабарлады salemnews.kz

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жай-күйі, негізгі жобаларды іске асыру барысы мен саланы одан әрі дамыту жоспары туралы есеп берілді.

    Президентке отандық мұнай өңдеу зауыттарының қалыпты жұмыс істеп тұрғаны жөнінде баяндалды. Биыл мұнай өңдеу көлемін 17,6 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ министр Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

    Ерлан Ақкенженов газ өндіру, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында және Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауыттарын салу жоспарын таныстырды. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді газ құбырының екінші желісі және «Талдықорған – Үшарал» газ құбырының құрылысы жалғасып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қуаты 26 гигаваттан асатын жаңа генерациялау кешендерін іске қосу көзделіп отырғаны айтылды. Бұл 2035 жылға қарай ішкі сұранысты өтеу мақсатында қолға алынды.

    Кездесу соңында Президент отын-энергетика секторын одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және электр энергетикасы салаларында жоспарланған инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асырудың маңызын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев елдің энергетикалық қауіпсіздігін сақтауға, тұрғындар мен өндірістік нысандарды қуат көзімен тұрақты қамтамасыз етуге баса назар аудару қажет деп санайды. Президент инвестициялық климатты жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдау, геологиялық барлауға стратегиялық инвесторларды тарту міндеттерін жүктеді.

    Ақорда Қазақстан Президент
    Previous ArticleБиыл қанша әскери қызметші дайындыққа шақырылады?
    Next Article Депутат радикал ағымдарды қатаң бақылауды ұсынды
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.