Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Елімізде бір тәулікте үш орман өрті тіркелді
    Жаңалықтар

    Елімізде бір тәулікте үш орман өрті тіркелді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова08.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto


    Кеше, 7 тамызда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Өрттің біреуі Батыс Қазақстан облысында, тағы екеуі Ұлытау және Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің аумағында болған.

    Батыс Қазақстан облысындағы өрт ошағын «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әуе патрульдеу тобы анықтаған. Өрт туралы ақпарат түскен бойда орман мекемелерінің күштері мен қажетті техникасы оқиға орнына жедел жіберілді.

    Өртті сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының әуе өрт сөндіру десантшылары, сондай-ақ мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері жұмылдырылды. Нәтижесінде үш өрт те аз уақыт ішінде толық сөндірілді.

    Қазіргі таңда ел аумағында аптап ыстық пен найзағайға байланысты өрт қаупі жоғары болып отыр.

    Осыған байланысты мемлекеттік орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» күштері күшейтілген режимге көшті. Орман алқаптарында әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

    Previous ArticleҚарағандыда кездесуден кейін жоғалып кеткен қыз табылды
    Next Article Павлодарда қайғылы жағдай болды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.