Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»E-fish жүйесінде балық шаруашылығы субъекттерін міндетті тіркеу туралы түзетулер күшіне енді
    Жаңалықтар

    E-fish жүйесінде балық шаруашылығы субъекттерін міндетті тіркеу туралы түзетулер күшіне енді

    SalemnewsSalemnews21.08.202562 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Бұл «Аквашаруашылық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру аясында жүзеге асырылып отыр. Оған сәйкес, балық шаруашылығы субъектілері балықтар мен басқа да су жануарларын мониторингтеу бойынша ақпараттық E-fish жүйесінде міндетті түрде тіркелуге, сондай-ақ оған қажетті мәліметтер мен деректерді уақтылы енгізуге тиіс.
    Тіркеу және ақпарат ұсыну тәртібін балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Аталған түзетулер 2025 жылғы 13 тамыздан бастап заңды күшіне енді.

    Саланы ашық жүргізу және балық өнімдерінің көлеңкелі айналымына жол бермеу мақсатында E-fish ақпараттық жүйесі 2024 жылғы шілдеде Балық шаруашылығы комитетімен пилоттық режимде енгізілген. Жүйенің негізгі мақсаты — есепке алу, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу, балық ресурстарын өндіру мен айналымын мониторингтеу үдерістерін автоматтандыру, сондай-ақ саланы тиімді басқаруға арналған бірыңғай деректер базасын қалыптастыру.

    E-fish жүйесі нақты уақыт режимінде балық пен балық өнімдерін аулау көлемін, тасымалдау және өткізу барысын қадағалауға, статистикалық деректердің шынайылығын қамтамасыз етуге, бизнестің әкімшілік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

    Жүйенің функционалының арқасында балық шаруашылығы субъектілері уәкілетті органға міндетті есептерді қашықтан тапсыра алады, сондай-ақ үйден не кеңседен шықпай-ақ электронды өндірістік журнал жүргізуге қол жеткізеді.

    Қазіргі уақытта E-fish бірқатар негізгі мемлекеттік ақпараттық жүйелермен, соның ішінде «Е-лицензиялау», ӘІБТ мен ТСОБТ, «АСТАНА-1», ББАЖ «E-Agriculture» жүйелерімен интеграцияланған.

    E-fish жүйесін енгізу және ауқымын кеңейту — балық шаруашылығын цифрлық трансформациялау жолындағы маңызды қадам, әрі ашық, тиімді және тұрақты саланы қалыптастыруға бағытталған шара.

    балық жүйе
    Previous ArticleАуыл өмірінде жаңа бетбұрыс байқала ма?
    Next Article Вступили в силу поправки об обязательной регистрации субъектов рыбного хозяйства в системе Е-fish
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.