Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Өзекті мәселе»Еңсесі биік білім ордасына – 91 жыл!
    Өзекті мәселе

    Еңсесі биік білім ордасына – 91 жыл!

    SalemnewsSalemnews31.01.2025162 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

     Күні кеше еліміздің басты білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің құрылғанына 91 жыл болды. Былтыр 90-жылдық мерейтойын дүркіретіп, жоғары деңгейде атап өткен университеттің негізі 1934 жылы 15 қаңтарда қаланған. Содан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстары, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болып келеді.

    Университет бүгінде тек Орталық Азия кеңістігінде ғана емес, әлемдік деңгейдегі іргелі жоғары оқу орнына айналып, ғылым мен білім айдынында жүктелген міндеттерді жоғары нәтижемен жүзеге асырып, заман сұранысына жауап бере алатын, біліктілігі мен білімі, тәжірибесі мен таланты бір арнаға тоғысқан маман иелерін даярлауды айқын мақсат етіп келеді.

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS Asia Ranking 2023: Central Asia рейтингінде Орталық Азиядағы бірінші жоғарғы оқу орны болып танылды. QS Asia университеттері рейтингі бойынша 29-шы, QS Emerging Europe and Central Asia University Rankings рейтингінде Еуропа мен Орталық Азияның үздік университеттері арасында 16-шы, ал   халықаралық QS рейтингінде 230-орында.

    90 жылдық тарихы бар университетте 3354 оқытушы-профессорлар құрамы еңбек етеді. Оның ішінде 11 ҚР ҰҒА  академигі, ҚР Жоғары мектебінің үш академигі, Жоғары мектебі Ғылым академиясының ­ сегіз академигі, жеті ҰҒА корреспондент-мүшесі бар. Сондай-ақ 603 доктор, 736 ғылым кандидаты, 512 PhD жұмыс істейді.

    ҚазҰУ түлектерінің арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар, қаламгерлер, кәсіпкер-меценаттар, тәжірибелі дипломаттар жеткілікті. ҚазҰУ-да жылдар бойы қалыптасқан белгілі қайраткер тұлғалардың, мықты оқытушы-профессорларымыздың ғылыми мектептері қалыптасқан.

    Университет әлемнің 650-ден астам жоғары оқу орындары және ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста. Ыстамбұл, Бішкек қалаларында ҚазҰУ филиалдары ашылған. Университет базасында Ресейдің МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы жұмыс істейді. 2023 жылы Қазақстан Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары барысында ҚазҰУ базасында Солтүстік-батыс политехникалық университетінің  филиалын ашу туралы келісім негізінде 12 қазанда филиал ашылды.

    Университет студенттері АҚШ, Еуропа, Азияның озық университеттерінде білімін жетілдіруде.

    Үкіметтің 2022 жылғы 25 шілдедегі қаулысымен ҚазҰУ 2022 жылы зерттеу университеті мәртебесін алғаннан кейін ғылымға басымдылық беріліп, 8,5 миллиард теңгенің гранттық жобалары орындалуда. 2023 жылы ҚазҰУ ғалымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінен 3,8 млрд теңгенің мегагрантын ұтып алды. Осындай жетістіктер мемле­кет­тің жоғары білім берудегі халықаралық беделін, экспорттық потенциалын арттыра түсетіні сөзсіз.

    ХХІ ғасырдың сын-тегеуріні мен зияткерлік талаптарына жауап беретін жоғары білікті, бәсе­кеге қабілетті мамандардың әлеуетін арттыру, білім, ғылым, бизнес интеграциясы және оқыту­дың инновациялық әдістері есебінен ұлттық және халықаралық беделді көтеруді мақсат еткен білім ордасы, алға қойған әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу, ғылыми-білім беру кеңістігінде халықаралық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу межесіне жететіне сенімдіміз!

    Үміт ҚОЖАХМЕТОВА,
    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

    география және табиғатты пайдалану факультетінің аға оқытушы

    Previous ArticleКазахстанский актер награжден в Нью-Йорке за роль в фильме «Граждане крыши»
    Next Article Ұлытау облысында шахта құлап, 7 адам үйінді астында қалды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі анықталды

    16.04.2025

    Черногория Дина Тансариді Қазақстанға экстрадицияламайды

    15.04.2025

    Президент ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

    10.04.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.