Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Депутаттар Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығына барды
    Жаңалықтар

    Депутаттар Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығына барды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова12.01.202652 Mins Read
    фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығына барды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Өңірдегі осындай алғашқы мемлекеттік мекемеде  балаларға күндізгі мезгілде жәнетәулік бойы форматтарында көмек көрсетіледі. Орталық әр баланың жеке қажеттіліктеріне негізделген тегін түзету және дамыту бағдарламаларын, әлеуметтік бейімделу қызметтерін және күтім түрлерін ұсынады. Депутаттар мекеменің жұмыс жағдайымен танысып, педагогтармен әңгімелесті, сондай-ақ Ақмола облысында инклюзивті ортаны одан әрідамыту жолдарын талқылады.

    Депутат Айна Мысырәлімова ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін атапөтті.

    – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырма берді, әр өңірде ерекше балаларды оңалту және дамыту орталықтарын ашу керек. Көкшетау қаласында енді осындай орталық бар. Мұндай мекемелерді жай ашып қана қоймай, тиісті мамандармен, әдістемелермен қамтамасыз ету, тұрақты қаржыландырып тұруөте маңызды. Бүгінде Ақмола облысы бойынша 30 мыңға жуық мүгедек адам бар, оның ішінде 3 мыңнан астамы бала. Мемлекеттің міндеті – олардың қоғамға бейімделіп, толаққанды өмірсүруіне жағдай жасау, – деді ол. 

    Депутаттар сондай-ақ Парламенттіңкедергісіз ортаны заңнамалық тұрғыдажетілдіруге бағытталған жұмысына мән берді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы жақында қолқойған құрылыс кодексінде нысандардың қолжетімділігі базалық басымдық ретіндебекітілген. Яғни, ендігі уақытта кедергісіз ортағақойылатын талаптар тұрғын және өндірістік ғимараттарды жобалау кезеңінде қатаңбақыланады.

    Өңірде инклюзивті орта қалыптастырушеңберінде 116 рейд жүргізіліп, 192 инфрақұрылым объектісі тексерілген. Соның нәтижесінде 80 бұзушылық анықталды. 

    Бүгінгі таңда облыста 127 инклюзия кабинеті жұмыс істейді, оған 2667 бала қатысады. Сондай-ақ 8 бейімделген спорт секциясы бар. Облыста жұмыспен қамту желісі бойынша 80 тақырыптық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіұйымдастырылып, 413 мүгедек адам тұрақтыжұмыс орындарына орналастырылды.

    Көкшетау
    Previous ArticleЕкінші деңгейлі банктердегі кредиттердің кешіретіні рас па?
    Next Article Журналист Дәулет Ізтілеуов мезгілсіз өмірден өтті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.