Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған
    Жаңалықтар

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова10.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: shutterstock.com


    Ақмола облысында полицейлер Бурабай кентінде мас күйінде электробус басқарған жүргізушіні ұстады. Көлік ішінде сол сәтте бес жолаушы болған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Полиция мәліметінше, патрульдік қызметкерлердің назарына артқы габариттік шамдары жанбай тұрған серуендеуге арналған электробус іліккен. Көлікті тоқтатқан кезде жолаушылардың жергілікті демалыс орындарының бірінен келе жатқаны анықталған.

    Жүргізушімен сөйлесу барысында полицейлер одан алкоголь иісін сезіп, медициналық куәландыруға жіберген.

    «Бастапқыда жүргізуші өз деректерін беруден бас тартты. Кейін қажетті рәсімдерден өтуге келісті. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның орташа дәрежеде мас болғаны анықталды», – деп хабарлады полиция.

    Сондай-ақ ер адамның бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

    Жүргізуші демалыс аймақтарының бірінде тағылымдамадан өтіп жүргенін және таныстарын курорт аумағында серуендетпек болғанын айтқан.

    Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Previous ArticleПетропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті
    Next Article Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026

    15 жастағы қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында 5 алтын алды

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.