Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Дана Нұржігіт ата-аналарға құнды кеңес айтты
    Жаңалықтар

    Дана Нұржігіт ата-аналарға құнды кеңес айтты

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин14.04.202542 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: сайт сената парламента Казахстана

    Тележүргізуші ұлының туған күнінде болған оқиғаны баяндап, бала тәрбиесі жайлы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

    Журналист ата-аналарға баламен көп сөйлесуге кеңес берді.

    «Құндылықтар дейсіз бе?! Балаларыңызбен сөйлесіңіздерші! Әсіресе жатарда. Көп нәрсе ұғасыз. Біз не істеп жүрміз? Қалай өмір сүріп жатырмыз? “Адамдар бай өмірді жақсы көреді! Инстаграмнан соны көрсету керек!” деді маған жақында бір эксперт. Мен ақымақ екенмін! Мен шынайылық бірінші орында ма десем… Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары телевизордан көрсететін “Просто Мариялар” есіме түсіп кетті. Стандарт хрущевкаларда қант пен макаронды талонға алып отырған халық ауызынан суы ағып “бай”өмірді көріп отыратын еді. Жаңағы құндылықтармен өскен бір бала Әлімнің туған күніне алдымен қонақ болып келіп, содан соң мен ұлыма сол кеште сыйлаған сағатты түкке тұрғысыз қылыпты», — деп бастаған әңгімесін.

    Журналист ұлы туған күніне сағат алғызғанын айтады.

    «Әлім әкесінен көрген жай ғана сағатты алғызды. Құны 27 мың теңге екен. Жақсы деп, сыйлық жасадым. Туған күннен кейін сөз сөйлеп, тілек айтқан құрдас баласы бірнеше күннен кейін Әлімнің алдынан шығып, сағатын шешіп, «Сенің сағатың 27 мың, ал менікі қанша екенін білесің бе? 9 млн! Әкем сыйлады» депті. Балам не айтарын білмей, сен не дедің десем «әй, ол неадекват» дейді. Бір қарасам, көзіне жас толып кеткен.  «Ал менің әкем «Семей полигоны» туралы фильм жасаған, журналист, жазушы болған! Мамам қандай менің!» деп ызаға булығып отыр. Бала бәрін түсінеді, бәрін ұғады. 9 млн-ға мен өзіме де сағат ала алмаймын. Алмаймын да! Мен ол категорияда ойлайтын адам емеспін. Мүмкін заманнан қалып қойған да шығармын. Бірақ аш адамның алдында, ұртым май-май болып, кекіріп отырып, пәлсәпа соғып, ақыл айтпаймын. Осыны ұқтыратын ата-аналар, қайдасыңдар?» — дейді тележүргізуші.

    ата-ана Дана Нұржігіт кеңес
    Previous ArticleҮкімет жылыту маусымын қорытындылады
    Next Article «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры сотталды
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.