Фото: жеке парақшасынан
«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің айтуынша, жүрек-қан тамырлары бітеліп, қазір жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.
«Бүгін Шымкентте өтетін ән кешіне баруым керек еді, алайда жүрек-қан тамырларым бітеліп, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым. Дұғада болайық!», — деп жазды ол.
Өнер иесінің тыңдамандары мен әріптестері оған тезірек сауығып кетуін тілеп, ізгі тілектерін жазып жатыр.
