Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Бұл сәттер жүрегімде мәңгі сақталады!»: «Қайратпен» қоштасқан Дастан Сәтпаев әсерлі жазба жариялады
    Жаңалықтар

    «Бұл сәттер жүрегімде мәңгі сақталады!»: «Қайратпен» қоштасқан Дастан Сәтпаев әсерлі жазба жариялады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова18.06.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Кеше «Қайрат» сапындағы соңғы ойынын өткізген Дастан Сәтпаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында клубқа, жанкүйерлерге деген ыстық лебізін жазба арқылы жеткізді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    «Рақмет, «Қайрат»!

    Өмірімнің ең маңызды жылдары осы клубпен байланысты. Осында өсіп, білім алып, күнде өзімді дамытуға тырыстым. Бұл клуб маған үлкен футболдағы алғашқы қадамымды жасап, арманымның соңынан жүруге мүмкіндік берді.

    Қолдауын әрдайым сезінген жанкүйерлерге рақмет. Академиядағы барлық бапкерге, негізгі команданың бапкерлер штабына, клуб басшылығына, Қайрат Советайұлына, алаңдағы барлық серіктесіме алғыс айтамын!

    Сары-қара жейдені кию мен үшін үлкен мәртебе болды. Бұл сәттер жүрегімде мәңгі сақталады!», – делінген жазбада.

    Еске сала кетейік, 17 жастағы қазақстандық футболшы алдағы уақытта өзі келісімшарт жасасқан Англияның «Челси» клубына қосылады. Дастан Лондонға 26 маусым күні аттанбақ. Бастапқыда келісілген жоспар бойынша ол Англияға 18 жасқа толғаннан соң, яғни тамыз айында баруға тиіс еді. Алайда «Челси» клубының басшылығы Дастанды маусымалды жиындарға қатыстыру үшін ертерек клуб сапына жіберуді сұраған.

    Previous ArticleҚазҰУ-да кванттық есептеулер мен жасанды интеллектке арналған бірегей орталық ашылды
    Next Article Қазақстандық екі гимнаст Азия чемпионатының финалына жолдама алды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.