Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Атырау облысында енесінің басына пышақ сұғып өлтірген келінге сот үкімі шықты
    Жаңалықтар

    Атырау облысында енесінің басына пышақ сұғып өлтірген келінге сот үкімі шықты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова28.02.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: istockphoto


    Атырау облысындағы Жасқайрат ауылында енесін пышақтап өлтірген 39 жастағы келініне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі Аlmaty.tv сілтеме жасап.

    Сот айыпталушыны денсаулығына байланысты жазадан босатты. Белгілі болғандай келіншек параноидты шизофрения дертіне шалдыққан. Ол төсек тартып жатқан енесін өз әрекетінің мәнін түсінбей және ісіне бақылау жасай алмай өлтірген.

    Сотта әйелдің әрекеті куәлардың жауаптарымен, сараптамалық қорытындылармен және заттай дәлелдемелермен толық дәлелденгені айтылды. Айыпталушының бес баласы бар. Үлкені — 10 жаста, ал кенжесі — бірде.

    Еске салсақ, қанды қылмыс былтыр жазда болған.

    «Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, 3-тармағында көзделген қоғамға қауіпті іс әрекетті есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 16-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Сотталушыны интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатрлық бөлімде мәжбүрлеп емдеу тағайындалсын», – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Зарема Хамидуллина.

    Previous ArticleДариға Бадықова америкалықтармен кино түсіруге ниетті
    Next Article СІМ: Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер жоқ
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.