Фото: © freepik.com
Астаналық полицейлер «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы нәтижелерін жариялады. Іс-шара 2025 жылдың 1 маусымынан бері жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.
«Екі ай ішінде 195 есірткіге қатысты құқықбұзушылық анықталып, заңсыз айналымнан 35 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді», – деп хабарлады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Нақты сандар мен көрсеткіштер
- 80-ге жуық адам тыйым салынған заттарды медициналық мақсатсыз қолданғаны үшінәкімшілік жауапқа тартылды;
- 28 есірткі тасымалдаушы ұсталды;
- 302 есірткі жарнамалаған сайт бұғаттауға жіберілді;
- 173 банктік шотқа тосқауыл қойылып, олардың айналымындағы қаржы көлемі 2 миллион теңгеден асты.
Жыл басынан бері көрсеткіш
Астана полициясының мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері елордада:
- 276 есірткіге қатысты құқықбұзушылық тіркелді;
- 778 интернет-ресурс бұғатталды;
- заңсыз айналымнан шамамен 400 келі есірткі заты алынды.
