Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанада балаларды Дубайдағы байқауға апаруға уәде берген ер адам ұсталды
    Жаңалықтар

    Астанада балаларды Дубайдағы байқауға апаруға уәде берген ер адам ұсталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова11.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    pixabay.com

    Астанада домбыра үйірмесіне қатысатын балалардың ата-аналарын алдады деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды, деп salemnews.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Полиция мәліметінше, күдікті ата-аналардың сеніміне кіріп, балаларды Дубайда өтетін байқауға апаруды ұйымдастыруға уәде берген. Осы сылтаумен ол азаматтардан әртүрлі мөлшерде ақша алған.

    Қазіргі уақытта алдау арқылы ақша иемденудің 11 дерегі анықталған.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ іске басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін екенін анықтап жатыр.

    Полиция азаматтарға қандай да бір қызмет үшін ақша бермес бұрын ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексеруге кеңес берді. Сонымен қатар құжаттар мен келісімшарттарды мұқият қарап, ресми түрде расталмаған уәделерге сенбеу қажет екенін ескертті.

    Күмәнді жағдай туындаған жағдайда азаматтар «102» нөміріне хабарласа алады.

    Previous ArticleАлматы облысында қоқыс полигонында өрт шықты
    Next Article Қарағандыда бір жасар сәби шұңқырға құлап кетті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.