Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанада Алматы көшесінің бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады
    Жаңалықтар

    Астанада Алматы көшесінің бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова19.07.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto


    Астанада көлік тоннелінің құрылысына байланысты Алматы көшесінің бірнеше учаскесінде жыл соңына дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қала әкімдігінің мәліметінше, шектеулер «Мәңгілік Ел» даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралықта Алматы көшесі бойымен көлік тоннелін салу жобасы аясында қолға алынған.

    18 шілдеден бастап осы жылдың соңына дейін Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі Алматы көшесінің бөлігі толықтай жабылады.

    Ал 20 шілдеден бастап жыл соңына дейін Ақмешіт көшесінен Сауран көшесіне дейінгі учаскеде де барлық көлік қозғалысы тоқтатылады.

    Сонымен қатар Алматы көшесінің Сауран, Ақмешіт және Түркістан көшелерімен қиылыстары ашық болып, көліктердің жүруіне мүмкіндік беріледі.

    Жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында аталған аумақта уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

    Previous ArticleЕнді зейнеткерлер онлайн несие ала алмайды
    Next Article Атырауда заңсыз қару сақтаған тұрғын бас бостандығынан айырылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.