Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанада әкелер күніне арналған шара өтті
    Жаңалықтар

    Астанада әкелер күніне арналған шара өтті

    SalemnewsSalemnews22.06.202612 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    21 маусым – әкелер күні мерекесі қарсаңында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында футболдан шеберлік сабақ ұйымдастырылды. Спорттық шараға әкелер мен балалар қатысып, кәсіби бапкерлердің жетекшілігімен арнайы жаттығулар жасады. Сондай-ақ басқосу соңында отбасылық командалар жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

    Шараның құрметті қонағы ретінде «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының басшысы Бекдайыр Күзембай, «Әкелер одағы» бірлестігінің Астана қалалық филиалы  төрағасының орынбасары Темірхан Тұрлыбаев және танымал футболшы, футболдан ұлттық құрама бас бапкерінің ассистенті Елдос Ахметов қатысты. 

    – Үш жыл бұрын Үкімет қаулысы шығып, отбасыға қатысты екі мереке ресми атап өтілетін болды. Біріншісі Аналар күні, екіншісі Әкелер күні. Мұндай қадам отбасы институтын нығайтуға және ата-бабадан жеткен салт-дәстүрімізді насихаттауға зор үлес қосып келеді. Мереке қарсаңындағы ел аумағында ата-ана жауапкершілігін арттыруға арналған келелі жиындар толастаған емес. Бүгінгі спорттық шарада да әке мен баланың ынтымағының, отбасы бірлігінің куәсі болдық, – дейді Бекдайыр Күзембай.

    Ал танымал спортшы Елдос Ахметов әкелердің балаларымен бірге жаттығып, бірге алаңға шығуын жақсы бастамаға балады.

    – Әкелер мен балаларды спорт арқылы біріктіретін осындай шаралардың маңызы өте зор. Футбол – тек ойын емес, ол тәртіпке, жауапкершілікке және бір-бірін қолдауға үйретеді. Бүгін алаңда әкелер мен балалардың бірге жаттығып, бірге ойнағанын көру ерекше әсер қалдырды. Осындай кездесулер отбасылық байланысты нығайтып, балаларға жақсы үлгі береді, – деді Елдос Ахметов.

    Айта кетейік, «Отбасы – бақыт мекені» жобасы астаналық жас отбасыларды қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, олардың жан-жақты дамуына және бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етуде.

    Previous ArticleМемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
    Next Article Елорда: «Әкелер күнінде» құмыра жасаудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Казахстанцы смогут получать больше медицинских услуг онлайн

    04.08.2026

    В Кыргызстане запретили кремацию тел

    04.08.2026

    Қазақстанда пәтерді сату салығы: мұраға немесе сыйға берілген баспанаға салық қашан төленеді?

    03.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.