Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанада қысқы тазалау талаптарын бұзғандарға 1,8 млн теңге айыппұл салынды
    Жаңалықтар

    Астанада қысқы тазалау талаптарын бұзғандарға 1,8 млн теңге айыппұл салынды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.02.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: polisia.kz


    Елордада полиция қысқы тазалау талаптарының бұзылуын анықтады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Астана қаласының полиция департаменті қызметкерлері қыс мезгілінде басқарушы компаниялар мен мердігер ұйымдардың көшелерді, аулаларды және тротуарларды тиісті деңгейде тазалап жатқанын тексеру мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді.

    Негізгі мақсат – жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаланың санитарлық жағдайын сақтау және көктайғақтың алдын алу.

    Тексеру барысында 45 басқарушы ұйым мен 48 мердігер компанияның абаттандыру қағидаларын сақтамағаны анықталды. Оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,8 млн теңгені құрады.

    Полицияның мәліметінше, қар мен мұзды уақтылы тазалау құлау, жарақат алу және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Әсіресе аулаларға, балалар ойын алаңдарына және іргелес көшелерге ерекше назар аударылды. Қарды тазалау, мұз қатудың алдын алу және құм-тұз қоспаларын пайдалану мәселелері тексерілді.

    Астана қаласының полиция департаменті басқарушы компаниялар мен мердігер ұйымдарға абаттандыру талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады, ал тұрғындарды тайғақ тротуарларда абай болуға шақырады. Бірлескен күш-жігердің арқасында елордамызды қауіпсіз әрі жайлы етуге болады.

    Previous ArticleОқушыларға телефон ұстауға толық тыйым салынуы мүмкін
    Next Article «Аялдамада ұсталды»: Астанада әйел адамның сөмкесінен 1 келі есірткі табылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.