Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Аналар күні: Үлкен теннистен мастер-класс ұйымдастрылды
    Жаңалықтар

    Аналар күні: Үлкен теннистен мастер-класс ұйымдастрылды

    SalemnewsSalemnews10.05.202642 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

     Аналар күні қарсаңында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында астаналық жас аналарға арналған үлкен теннистен мастер-класс ұйымдастырылды.

    Іс-шарада 20-дан астам елордалық жас ана бой көрсетті. Мастер-класс барысында қатысушыларға үлкен теннистің алғашқы әліппесі үйретіліп, спорттың негізгі техникалары таныстырылды. Кәсіби жаттықтырушылар аналарға арнайы жаттығулар өткізіп, теннис ойынының базалық тәсілдерін көрсетті.

    Шеберлік сағатына жас аналарға қолдау үшін халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан екі дүркін Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Назгүл Боранбаева арнайы келді.

    Сонымен қатар шараға Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы, «Отбасы — бақыт мекені» жобасының жетекшісі Балжан Қолғанат қатысты. 

    — Бүгінгі үлкен теннистен мастер-класс өткізу  сіздерге деген құрметтің белгісі. Балаларға шабыт беріп, олардың арманына қанат бітіріп жүрген аналардың еңбегі өлшеусіз.

    Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жүректеріңізге қуаныш тілеймін! Балаларыңыздың жетістігі артып, өздеріңіз де спортқа жақын болуларыңызға тілектеспін, — дейді Назгүл Боранбаева. 

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара аналардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға және отбасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етпек.

    — «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында отбасыларға қолдау көрсетіп, олардың сұраныстары мен ұсыныстарын ескеруге тырысамыз. Бұл жолы аналарға арналған спорттық әрі еркін форматтағы іс-шара ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта да жоба жалғасады. Қыркүйек айында елордадағы үздік жас отбасын анықтайтын байқау өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар әкелер мерекесіне орай арнайы іс-шаралар ұйымдастыру көзделген, – деді Балжан Қолғанат.

    «Бақытты ана — бақытты отбасы» қағидатын негізге алған шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жаңа серпін сыйлағанын айта кеткен жөн.

    Аналар күні Астана
    Previous ArticleӨскеменде суға кеткен жігіттің денесі табылды
    Next Article «Сотта кездесеміз!»: Динара Сәтжан өзіне ауыр сөз айтқан Бағдагүл емшіге жауап берді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.