Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматыда «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті
    Жаңалықтар

    Алматыда «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова11.04.202642 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Алматы қаласында Отан қорғаушылар күніне орай «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру аясында, сонымен қатар тәжік-ауған шекарасын күзету кезінде қаза тапқан ІІМ Ішкі әскерлері (қазіргі Ұлттық ұлан) әскери қызметшілерінің ерлігін ұлықтау мақсатында өткізілді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Жиын аясында ұйымдастырылған әскери-спорттық сайысқа қаланың сегіз ауданынан орта білім беру ұйымдарының оқушылары мен әскери-патриоттық клубтардың мүшелері қатысты. Жалпы саны 15 команда әскери даярлық пен дене шынықтыру деңгейін жан-жақты көрсету мүмкіндігіне ие болды.

    «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салихбаев жиынға қатысушыларды құттықтап, шараның ерекше маңызын атап өтті.

    • Жастар мен жасөспірімдердің әскери өмірге қызығушылықтарын арттыруда «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жиынының маңызы айтарлықтай зор. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде, олардың болашақта Отан қорғауға әзірлігін пысықтауда, жалпы, әскери саланың тәртібі мен жинақылығына бейімдеуде таптырмас құрал, әрі ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң. Яғни, жас патриоттың бейнесін қалыптастыруда әскери-патриоттық жиынның алатын орны ерекше, — деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бас тәрбиешісі.

    Сайыс бағдарламасына спорттық және әскери-қолданбалы көпсайыс элементтері енгізілді. Жастар белтемірге тартылу, денені жерден көтеру, газтұмылдырықпен жүгіру, қаруды толық емес бөлшектеу және жинау, оқжатарды жабдықтау және командалық арқан тарту сияқты бірқатар тапсырмаларды орындады.

    Командалық есеп нәтижелері барлық кезеңдер бойынша көрсетілген уақыт көрсеткіштерінің жиынтығы негізінде анықталды. №136 мектеп-гимназиясының «Жас сарбаз» командасы жиынның жеңімпазы атанды. Екінші орынды М.Ломоносов атындағы №38 қазақ-ресей гимназиясының «Қаһарман» командасы, ал үшінші орынды М.Жұмабаев атындағы №137 мектептің «Жас сарбаз» командасы иеленді.

    Жеңімпаздар Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбековтың атынан кубог және дипломдарымен марапатталды.

    Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрылымдық бөлімшелері мен Алматы қаласы Білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

    Бұл іс-шара жастардың патриоттық рухын, ерлік қасиеттерін дамытуға және олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған болатын.

    Previous ArticleТоқаев Өзбекстан Президентімен бейресми кездесу өткізді
    Next Article Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.