Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматыда «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты көрме ашылды
    Жаңалықтар

    Алматыда «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты көрме ашылды

    SalemnewsSalemnews05.07.202561 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: Мәдениет және Ақпарат министрлігі

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бұл айтулы мереке халқымыздың бай мұрасын, рухани құндылықтарын дәріптеп, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.
    Көрермен назарына музей қорында сақталған халқымыздың рухани қазынасын байытқан көрнекті тұлғаларға тиесілі домбыралар ұсынылды.

    Олардың қатарында халық әншісі, композитор Жаяу Мұса, ұлы Абайдың жары Ділда Алшынбайқызы, ән өнерінің шебері Әміре Қашаубаев, музыка зерттеушісі, композитор және дирижер Ахмет Жұбанов, қазақ опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі Күләш Байсейітова, академик Қаныш Сәтбаев, театр өнерінің тарланы Елубай Өмірзақов, сондай-ақ Жұбан Молдағалиев, Кәукен Кенжетаев, Әбділда Жангелдин, Қапан Қасымов және басқа да біртуар өнер қайраткерлерінің домбыралары бар.

    Сондай-ақ іс-шара барысында «Ақжауын» мемлекеттік камералық оркестрі мен «Серпер», «Жігер» домбырашылар ансамбльдері өнер көрсетіп, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Бұл кеште өнер көрсеткен талантты бүлдіршіндер күйші, Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбектен бата алды. Сонымен қатар Секен Тұрысбек өзінің 30 жыл бойы шығармашылық серігіне айналған домбырасын музей қорына табыстады.
    Көрме аясында күйшілердің шеберлік сағаттары өтіп, ұлттық киім үлгілері ұсынылды.

    Алматы көрме Күмбірле қоңыр домбыра
    Previous ArticleАстана күніне орай ұйымдастырылатын отшашуды кайдан көруге болады
    Next Article Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Казахстанцы смогут получать больше медицинских услуг онлайн

    04.08.2026

    В Кыргызстане запретили кремацию тел

    04.08.2026

    Қазақстанда пәтерді сату салығы: мұраға немесе сыйға берілген баспанаға салық қашан төленеді?

    03.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.