Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматы облысында полицейді 17 жастағы қызды жеткізіп салмақ болғаны үшін жұмыстан шығарды
    Жаңалықтар

    Алматы облысында полицейді 17 жастағы қызды жеткізіп салмақ болғаны үшін жұмыстан шығарды

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин28.04.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Видеодан скрин

    Алматы облысында ювеналды полиция қызметкерлері 17 жастағы қызды аялдамада тоқтатып, оны қызметтік көлікпен жеткізіп салуды ұсынған. Осы оқиға үшін бір полицей ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылып, екіншісі лауызымынан төмендетілген, деп жазды salemnews.kz

    Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

    Полицейлердің қызды көлікке мінуге үгіттеген сәтін Іле ауданының мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиев видеоға түсіріп алған. Ол бірден жағдайға араласқан. Депутаттың айтуынша, полицейлер тоқтатқан қыздың жасы 17-де екені белгілі болған.

    «Олар мені «Саяхатқа» дейін апарамыз деді. Қандай мақсатпен екенін білмеймін. Маған 17 жас», – деді қыз.

    Депутат полицейлердің аялдаманың дәл жанында көлікті дұрыс қоймай тоқтағанына назар аударған. Ескерту жасағаннан кейін қызметкерлер көлікті дұрыс жерге қойып, депутатқа қайта келген. Сол жерде олардың бірі өзін ювеналды полиция қызметкері ретінде таныстырып, қызға мүлдем ұсыныс жасамағанын айтып, жағдайды жоққа шығаруға тырысқан.

    Нұрлан Байғазиев бұл оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде жариялауға уәде берген еді және расында да жариялады. Видео желіде тез тарап, үлкен резонанс тудырды. Кейінірек депутат Instagram парақшасында бір полицейдің жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

    Алматы облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Олар аталған факт бойынша қызметтік тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.

    «Тексеруден кейін ювеналды полиция қызметкерлерінің кәмелетке толмағандармен жұмыс барысында кәсіби этика нормаларын бұзғаны анықталды. Бұл полиция қызметкерлері үшін жол берілмейтін іс-әрекеттердің бірі. Тексеруден соң бір қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды, екіншісі қызметінен босатылды. Олардың басшыларына да тәртіптік шара қолданылды», – деді полиция департаменті.

    Ведомство кез келген құқық бұзушылық пен кәсібиліктен ауытқулар қатаң әрі дереу тоқтатылатынын атап өтті.

    Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында екі полицей кезекшілік кезінде формамен асхана алдында ұйықтағаны үшін ішкі істер органдарынан босатылды. Осыдан кейін екі полицей жұмыстарынан босатылды. Дегенмен қызметкерлер бұған келіспей, Қызылорда қалалық сотына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың күшін жою арызымен жүгінді.

    Алматы полиция
    Previous ArticleБерденовке жасалған қастандық: Бас прокуратура мәлімдеме жасады
    Next Article Шерзат Полаттың өліміне қатысты куәгер мылтықтың қайдан пайда болғанын айтты
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.