Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматы әуежайында масаң күйдегі екі жолаушы Астанаға ұшатын рейске жіберілмеді
    Жаңалықтар

    Алматы әуежайында масаң күйдегі екі жолаушы Астанаға ұшатын рейске жіберілмеді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова25.07.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Көліктегі полиция департаменті


    Алматы әуежайында мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзған екі ер адам Астанаға бағыт алған рейске мінгізілмеді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар тіркеу кезінде жанжал шығарып, әуе компаниясы қызметкерлерінің талабына бағынбаған. Осыдан кейін оқиға орнына көлік полициясының қызметкерлері шақырылды.

    Тәртіп сақшылары 37 жастағы Алматы тұрғыны мен Түркістан облысында тұратын 26 жастағы ер адамды рейстен шеттетті. Медициналық тексеру олардың екеуінің де алкогольдік мас күйде болғанын растаған. Сонымен қатар 26 жастағы жолаушы айналасындағыларға былапыт сөздер айтып, агрессивті мінез көрсеткен.

    Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Теміржан Рамазановтың айтуынша, жолаушылардың біріне қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ол мұндай құқық бұзушылықты қайталап жасағандықтан, іс материалдары сотқа жолданған.

    Екінші ер адамға қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін 10 АЕК, яғни 43 250 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған тағы 20 АЕК немесе 86 500 теңге айыппұл тағайындалды.

    Полиция өкілдері әуежайлар мен басқа да көлік нысандарында тәртіп бұзған азаматтар рейстен шеттетіліп қана қоймай, әкімшілік, ал кей жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

    Previous Article«Ақ жол» кандидаттары ел аймақтарында сайлаушылармен кездесіп жүр
    Next Article Елімізде бір тәулікте орман қорында екі өрт тіркелді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.