Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақтаулық азамат бұрынғы сүйіктісінің интимді суреттерін таратқаны үшін сотталды
    Жаңалықтар

    Ақтаулық азамат бұрынғы сүйіктісінің интимді суреттерін таратқаны үшін сотталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.04.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    freepik.com

    Ақтауда бұрынғы сүйіктісіне күш қолданып, оның жеке өміріне қатысты материалдарды заңсыз таратқан ер адам сот үкімімен бас бостандығынан айырылды, деп salemnews.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сот деректеріне сәйкес, 23 жастағы айыпталушы қыздың қарым-қатынасты тоқтату туралы шешімін қабылдай алмай, кек алу мақсатында әрекет еткен. Ол жалған аккаунт ашып, әлеуметтік желілерде бұрынғы сүйіктісінің интимдік сипаттағы материалдарын жариялаған. Сонымен қатар, жәбірленушіні мазалап, жанжал шығарған.

    Іс материалдарында көрсетілгендей, жанжалдардың бірінде ер адам қызды ұялы телефонмен бірнеше рет ұрып, дене жарақатын салған.

    Ақтау қалалық соты оны Қылмыстық кодекстің жеке өмірге қол сұғу және жеке деректерді заңсыз тарату, сондай-ақ ұрып-соғу баптары бойынша кінәлі деп таныды.

    Нәтижесінде, бірінші сатыдағы сот ер адамға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Бұдан бөлек, сот шешімімен жәбірленушіге 1 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеу міндеттелді.

    Previous ArticleАстанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды
    Next Article Маңғыстау облысында қыз алып қашпақ болған бес ер адам сотталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.