Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақмола облысында 323 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
    Жаңалықтар

    Ақмола облысында 323 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

    SalemnewsSalemnews14.06.202561 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: freepik.com

    Ақмола облысының прокурорлары пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бас прокуратура хабарлағандай, жайылымдық жер мен егістік алқаптарының тапшылығы өңірдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

    Сондықтан қазіргі таңда Біржан сал ауданының прокуратурасы «Жайылымдық жерлерді ұлғайту» жобасын жүзеге асырып жатыр.

    Жоба аясында аудандағы жер пайдаланушылардың едәуір бөлігі ұзақ уақыт бойы Жер кодексін бұза отырып, жер телімдерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.

    «Жол берілген заң бұзушылықтарға байланысты Біржан сал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 323 миллион теңге құрайтын 22 мың гектардан астам егістік жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды», — деп жазылған хабарламада.

    Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерге пайдалануға беруге бағдарланды.

    Жер прокуратура
    Previous ArticleТаяу Шығысқа ұшуға тыйым салынды: министрлік мәлімдеме жасады
    Next Article ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.