Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Тұрғындар өз ақшасының қайда жұмсалғанын білуі тиіс»: ЖСДП жылу жүйесінің сапасын сынға алды
    Жаңалықтар

    «Тұрғындар өз ақшасының қайда жұмсалғанын білуі тиіс»: ЖСДП жылу жүйесінің сапасын сынға алды

    SalemnewsSalemnews23.06.202571 Min Read
    Фото: ЖСДП
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жылу тарифтері жүйесін қайта қарауды ұсынды.
    ЖСДП Астаналық филиалы ұйымдастырған дөңгелек үстелде жылумен қамту саласындағы өзекті мәселелер – тариф пен сапа арасындағы алшақтық, инвестициялық қаражаттың мақсатсыз жұмсалуы және жүйедегі жауапкершілік шекарасының бұлыңғырлығы кеңінен талқыланды.
    Энергетик-сарапшы Юрий Страховтың айтуынша, тарифтің жыл сайын өсуіне қарамастан, жүйе сапасы айтарлықтай жақсармай отыр.
    «Инвестициялық бағдарлама деген желеумен жиналған қаржы жаңа жабдықтарға емес, кеңсе мүліктеріне жұмсалуда. Бұл – ашық әділетсіздік», – деді ол.
    Мамандар тұтынушыны тек төлеуші ғана емес, жүйенің үлескеріне айналдыруды ұсынды. Яғни, инвестиция ретінде жиналған қаржыға сәйкес тұрғындарға акция беру әділетті шешім болатыны айтылды. Бұрын бұл ұсыныс Павлодарда көтерілгенімен, монополист компаниялар қарсылық танытқан.
    Жиында жылыту жүйесіндегі жауапкершілік туралы сөз қозғалды. ЖСДП Астаналық филиалының төрағасы Талғат Омаровтың айтуынша, жылу алмастырғыштан кейінгі жабдықтарға (құбыр, насос, т.б.) МИБ немесе басқарушы компаниялар жауапты.
    «ҚР АК 487-бабында тұтынушыға жылу бөлмедегі батареяға дейін жеткізілуі тиіс деп көрсетілген. Алайда іс жүзінде жылу алмастырғыш пункті мен үй ішіндегі тарату жүйелері МИБ (Мүлік иелері бірлестігі) немесе басқарушы компанияның құзырында болып отыр. Тұрғындар жүйенің қай бөлігіне кім жауапты екенін білмей жатады. Бұл қызмет көрсетушілердің негізсіз талап қоюына әкеліп соғады. Жауапкершілік нақты бөлінуі тиіс, тұтынушы өз ақшасының қайда жұмсалып жатқанын білуі керек», – деді Т.Омаров.

    ЖСДП Астаналық филиалының баспасөз қызметі

    Previous ArticleАбай облысында жер сілкінісі болды
    Next Article 20 жыл күткен оқиға: Қазақстан Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылмақ
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.