Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Павлодарда ала қоңыз қаптап кетті
    Жаңалықтар

    Павлодарда ала қоңыз қаптап кетті

    SalemnewsSalemnews09.06.202511 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Павлодарда ала қоңыз қаптап кетті. Зиянкестер жасыл желекті отап, бау-бақшаны түгел кеміріп жатыр, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Тұрғындар биыл облыста түрлі жәндіктер көбейіп кеткеніне алаңдаулы. Әсіресе, бау-бақшаларда түрлі қоңыздар тарап, өсімдіктердің сабағымен қоса, тамырын да жеп жатыр. Соның бірі — саяжай иелері бұрын-соңды көрмеген қара ала қоңыздар.

    — Мұндай ала қоңыздарды бұрын кездестірмеппіз. Көбіне колорадо қоңызы картобымызға түсетін. Ол өзі баяу жәндік. Ал мынау өте жылдам жүреді, жолындағының бәрін жеп жатыр. Жапырақ жемірі сияқты, тамырланған өсімдіктердің барлығын жайпайды, — деп мұңын шақты Павлодар қаласының тұрғыны Виктория Алексеева.

    Қазіргі уақытта облыс орталығындағы саяжай иелеріне қала әкімдігі жәндіктерге қарсы химиялық өңдеу концентратын таратып жатыр. Бір литрі бірнеше саяжай телімін өңдеуге жеткілікті. Алайда тұрғындар препарат мәселесін шешпей отырғанын айтады.

    Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Арман Шүйкеновтің сөзінше, ала қоңыздар карантинге жатпайды.

    — Облыс бойынша мониторинг және зерттеу жұмыстарымен республикалық фитосанитарлық диагностика және болжау әдістемелік орталығының Павлодардағы филиалы айналысады. Зиянкестерді анықтағаннан кейін олар зиянды жәндіктермен күресу бойынша тұрғындарға ұсыныстар береді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы №100 бұйрығына сәйкес, тек шегірткеге қарсы күреске мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінеді. Одан өзге зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын меншік иелері және тауар өндірушілер өз қаражаты есебінен жүргізуі тиіс, — дейді инспекция басшысы.

    Қоңыз Павлодар
    Previous ArticleӘсел Жанасова Президенттің кеңесшісі атанды
    Next Article Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды: Оның орнына Дәурен Қосанов тағайындалды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Шымкентте «шоколадпен қапталған құлпынайды» жалған жарнамалағандар сотталды

    20.06.2025

    Польша чемпионатында ойнаған Георгий Жуков келіссөз жүргізу үшін Ақтөбеге келді

    20.06.2025

    Ay Yola тобының солисі Forbes-тің рейтингіне енді

    20.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.