Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған
    Жаңалықтар

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    Оқиға Байденнің денсаулығы мен басқару қабілетіне қатысты қоғамда туындаған күмәнмен тұспа-тұс келіп отыр
    SalemnewsSalemnews02.06.202561 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    АҚШ Конгресі Ақ үйдің төрт қызметкерінің сол кездегі президент Джо Байденнің орнына автоматты қолтаңбаны қолданып, құжаттарға заңсыз түрде қол қойғанын анықтады. Бұл туралы Өкілдер палатасының қадағалау және үкіметтік реформа комитетінің төрағасы, республикалық Джеймс Комер мәлім етті, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Біз төрт қызметкерді анықтадық. Олар құжаттарды Байденге ұсынбай, автоматты қол қою жүйесіне бағыттап, нәтижесінде құжаттарда Байденнің қолтаңбасы пайда болған, — деді Комер Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

    Комер бұл мәселеде кім рұқсат етті және қандай негізде жүзеге асты деген сұрақтар маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Конгресс бұл қызметкерлерді куәлік беруге шақырады.

    Бұл оқиға Байденнің денсаулығы мен басқару қабілетіне қатысты қоғамда туындаған күмәнмен тұспа-тұс келіп отыр. Бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Байден әкімшілігінің кейбір мүшелерін мемлекетке опасыздық жасады деп айыптаған болатын. Ол мигранттарға шекара ашу және көші-қон заңдарына Байденнің атынан қол қою Америка мүддесіне қарсы әрекет деп есептейді.

    Байден
    Previous Article«Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы
    Next Article EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.