Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ұлыбритания Украина үшін Ресейге қысымды күшейтуге шақырды
    Жаңалықтар

    Ұлыбритания Украина үшін Ресейге қысымды күшейтуге шақырды

    SalemnewsSalemnews16.05.202511 Min Read
    Фото: Х.com/JohnHealey_MP
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Ұлыбританияның қорғаныс министрі Джон Хили Владимир Путинді Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізу арқылы келіссөз үстеліне отыруға мәжбүрлеу керек деп санайды. Бұл туралы Salemnews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бұл туралы Джон Хили 15 мамыр күні Берлинде Германияның қорғаныс министрі Борис Писториуспен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    “Біз әрекет етуіміз керек, Путинді келіссөздерге мәжбүр ету үшін оған қысым жасау керек”, – деді Джон Хили.

    Ол Ресей мен Украина делегацияларының Түркияда кездесетіні туралы ақпарат тараған соң бүкіл әлемнің назары Ыстамбұлға ауғанын атап өтті.

    “Бұл күні Путин әшкере болады. Путин бейбітшілікті қалайтынын айтады, бірақ ол атысты тоқтатудан бас тартты. Ол келіссөз жүргізгісі келетінін айтады, бірақ өзі ұсынған конференцияға келмеді. Ол соғысты ертең-ақ тоқтата алады», – деді министр.

    Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус та Украинадағы соғысты тоқтату Путиннің қолында екенін айтып, пікір білдірді.

    “Ол Ыстамбұлға барып келіссөздерді бастап, жүргізу керек еді. Сондай-ақ атысты тоқтату туралы бұйрық бере алар еді. Бірақ мұның бірі де болған жоқ. Ол Америка президентін “цирктағыдай алдауға тырысып жүргендей”. Бірақ бұл Дональд Трампқа ұнамауы мүмкін”, – деді Писториус.

    соғыс Украина
    Previous ArticleШерзат ісі: Айыпталушы жалған айғақ бергенін мойындады
    Next Article Депутат Отбасы банктің жұмысына шүйлікті
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.