Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының тендерін заңсыз деп тапты
    Жаңалықтар

    Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының тендерін заңсыз деп тапты

    SalemnewsSalemnews15.05.202592 Mins Read
    Фото: ашық дереккөзден
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп үкім шығарды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі «Каспий» тауар биржасы» АҚ ресми сайтын сілтеме жасап. 

    «Каспий» тауар биржасы» АҚ ресми сайтында хабарланғандай, ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 6 наурыздағы қаулысына сәйкес, биржа «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ (Азық-түлік корпорациясы) қарсы іс бойынша кассациялық шағымды жеңіп алды.

    Сот 2024 жылғы 24 сәуірдегі тендер қорытындылары туралы хаттаманы заңсыз деп таныған. Сондай-ақ  Азық-түлік корпорациясын оны белгіленген мерзімде қайта қарауға міндеттеді.

    Астықпен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу қорытындысы талап қоюға себеп болды. Іс материалдарына сәйкес, «Каспий» тауар биржасы» АҚ өтінімін тендерлік комиссия қабылдамады, ал басқа биржа — «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ (ЕСЖ) жеңімпаз деп танылды. Жоғарғы Сот мұнда процедураның бұзылуын, атап айтқанда ресми негіздер бойынша өтінімді заңсыз қабылданбағанын анықтады.

    Сот қаулысы Азық-түлік корпорациясына соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, тендердің қорытындыларын қайта қарау туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір ай ішінде нұсқама береді. Сонымен қатар, талапкердің пайдасына мемлекеттік баж салығы өндірілді.

    Бұл ретте ашық дереккөздерде сәуір айында мемлекеттік резервтерден бидайды өткізу сол биржалық алаңда жалғасқаны туралы ақпарат сақталады, оның қорытындысы сот дауына себепші болған еді. Азық-түлік корпорациясының ресми хабарлауынша, бидай саудасы күн сайын ЕСЖ биржасында өткізіледі.

    Айта кетейік, «Каспий» тауар биржасы» АҚ – мұнай өнімдерін, көмірді және цементті қоса алғанда, тауарлардың кең спектрімен сауда жасауға маманданған Қазақстанның жетекші биржалық алаңы. «Каспий» тауар биржасы» АҚ Энергетикалық биржалардың еуропалық қауымдастығына (EUROPEX) қауымдастырылған мүше ретінде кіреді. S&P Global халықаралық рейтинг агенттігінің ең жоғары ESG-бағасына ие.
    БҰҰ Жаһандық шартының толыққанды қатысушысы болған ТМД аумағындағы алғашқы биржалық алаң саналады. Сондай-ақ, «Каспий» – KASE Қазақстан қор биржасының ресми листингіне енгізілген елдегі жалғыз тауар биржасы.

    Биржа сот
    Previous ArticleАнкарада Зеленский мен Ердоған кездеседі
    Next Article Қазақстанда VIP нөмірлердің жаңа бағасы жарияланды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.