Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Apple Siri-дің тыңшылық әрекеттері үшін клиенттерге өтемақы төлейді
    Жаңалықтар

    Apple Siri-дің тыңшылық әрекеттері үшін клиенттерге өтемақы төлейді

    "Лопес Apple-ге қарсы" деп аталатын талап арызда дауыс көмекшісі Siri-дің адамдарды аңдып, сондай-ақ кездейсоқ қосылып кетіп, олардың әңгімелерін жазып алғаны айтылған.
    SalemnewsSalemnews14.05.202522 Mins Read
    Фото: Ru.freepik.com
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Siri-ді қолданатын кез келген құрылғының иесі Apple компаниясына қарсы 95 миллион долларлық ұжымдық талап арыз шеңберінде өтемақы талап етуге құқылы. Бұл туралы  Salemnews.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

    «Лопес Apple-ге қарсы» деп аталатын талап арызда дауыс көмекшісі Siri-дің адамдарды аңдып, сондай-ақ кездейсоқ қосылып кетіп, олардың әңгімелерін жазып алғаны айтылған.

    Айыптауға сәйкес, көмекші жеке әңгімені қолданушылардың «Сәлем, Siri» деген сөзін күтпестен жазып алған. Осылацша, 2021 жылы Фумико Лопес пен басқа да тұтынушылар Калифорнияның федералды сотына  шағым түсірген. Олар жазылған әңгімелердің мейрамханалар мен брендтер сияқты үшінші тарап компанияларға берілгенін, салдарынан Apple Search пен Safari-де мақсатты жарнама көрсетілгенін мәлімдеді.

    Заңнамалық хабарламаға сәйкес, «2014 жылдың 17 қыркүйек пен 2024 жылдың 31 желтоқсан аралығында Siri-ді қолданатын немесе сатып алған пайдаланушылар Siri жеке немесе құпия сөйлесу кезінде кездейсоқ қосылғанын байқаған» тұтынушылар енді өтемақы алу үшін талап арыз бере алады.

    Талапкер алатын өтемақы мөлшері арыз берген адамдардың санына байланысты. Алайда реттеу сайтының мәліметінше, Siri бар бір құрылғы үшін өтемақы сомасы 20 доллармен шектеледі және сіз бес құрылғыға дейін өтінім бере аласыз, яғни ең жоғарғы өтемақы – 100 доллар.

    Кейбір тұтынушылар талап нөмірі мен растау кодын көрсететін электрондық хат немесе ашықхат алған болуы мүмкін. Осындай хат алғандар бұл ақпаратты пайдаланып, өтемақы алу үшін реттеу сайты арқылы талап арыз бере алады.

    Apple өтемақы тыңшылық
    Previous ArticleРесей делегациясы 15 мамырда Ыстамбұлға келеді: Құрамы жарияланбады
    Next Article Бүгін – Халықаралық отбасы күні
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.