Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді
    Жаңалықтар

    BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді

    SalemnewsSalemnews08.05.2025121 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Азаматхан Әміртаев/Facebook

    Партия жетекшілерінің бірі — атқарушы хатшы Нұрлан Көптілеуов қызметінен кетті. Оның орнына бұл жауапты қызметке Әлібек Қуаныш тағайындалды. Ол — жастар саясаты, қоғамдық жұмыстар мен экология саласында мол тәжірибесі бар кәсіби маман.

    Нұрлан Көптілеуов BAYTAQ партиясының құрылтай съезінен бастап төраға Азаматхан Әміртаевпен бірге белсене жұмыс істеді. Бұл — партия тарихындағы атқарушы хатшының алғаш рет ауысуы. Көптілеуов енді медиа саласына ауысып, жаңадан құрылған, болашағы зор BAIMEDIA медиахолдингінің бас директоры болып тағайындалды.

    Көптілеуов аймақтық филиалдардың жұмысын үйлестіріп, экология мәселелерін алға тартатын науқандарды басқарды. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатуға, партия ішіндегі коммуникация мен басқару жүйесін қалыптастыруға атсалысты.

    «Бұл кадрлық өзгеріс партия жұмысының тиімділігін арттырып, басқару жүйесін нығайтуға, сондай-ақ экологиялық күн тәртібін одан әрі ілгерілетуге ықпал етеді деп күтілуде. Жаңа қызметінде табыс пен сәттілік тілейміз», — деді төраға Азаматхан Әміртаев.

    Ал BAIMEDIA ұжымы Нұрлан Көптілеуовтің келуі медиахолдингтің нарықтағы орнын күшейтіп, мазмұн мен цифрлық платформаларды дамытуға жаңа серпін береді деп күтуде.

    Previous ArticleБурак Өзчивит Алматыда: RAMS BEYOND ALMATY жобасының тұсаукесері өтті
    Next Article Іздеуде болған LRT-нің бұрынғы басшысы ұсталды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.